Акваөсіру саласын жеңілдікпен қаржыландыру
     «Акваөсіру туралы» Заң нормаларын қолданысқа енгізу шеңберінде Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР АШМ 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы).
Енді жылдық 2,5 % мөлшерлемемен өндірістік қуаты жылына 25 тоннадан кем емес аквашаруашылық объектілерін өсірумен айналысатын жаңа шаруашылықтарды құруға және жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды кеңейтуге арналған жобаларға бюджеттік кредит беру көзделген.
      Аталған шара акваөсіру саласын дамытуға ынталандыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және балық өнімдерінің отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған.Жеңілдікті қаржыландыру балық шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына мүдделі кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.