Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар суайдындарында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары
      2026 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі -Баққожа Ж.М. және ғылыми қызметкерлер — Бектуров Д.С., Халелов А.Т. 021 бағдарлама (100 бағдарлама тармағы) аясында Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында қыстық кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстың мақсаты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су қоймалары акваториясы бойынша балық және өзге де су биологиялық ресурстарының таралуын, сондай-ақ олардың кәсіптік қорларының жағдайын бағалау мақсатында зерттеу жүргізу.
    Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда:
— су айдындарының физика-географиялық және гидрологиялық сипаттамалары;
— гидрохимиялық режимін талдау;
— су айдындарының қоректік қорының жай-күйін бағалау;
— су қоймаларындағы балықтардың түрлік құрамын анықтау.