2026 жылғы қаңтардан бастап аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі – балық өсіру және қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыру кезінде су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау енгізілді.
Субсидияның жаңа түрі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 406 бұйрығымен бекітілген Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларымен реттеледі.
Субсидиялар аквашаруашылық объектілерін өсіру, ұстау және өсіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ аквашаруашылық дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге беріледі.
Субсидиялардың мөлшері сараланған түрде белгіленеді — оның мөлшеріне байланысты 1 текше метр су үшін тарифтің 60% — дан 85% — на дейін. Тарифтің қалған бөлігін көрсетілетін қызметті алушы төлейді.
Мемлекеттік қызметті Жергілікті атқарушы органдар агроөнеркәсіпті субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (АӨК СМАЖ) арқылы көрсетеді. Өтініштерді қабылдау жер учаскелерінің және балық өсіру бойынша жылына 25 тоннадан басталатын ең төменгі жобалық қуаттың болуын қоса алғанда, белгіленген талаптар сақталған кезде тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейінгі кезеңде электрондық форматта жүзеге асырылады.
Субсидиялардың жаңа түрін енгізу өндірістік шығындарды азайтуға және аквашаруашылықты дамытуды ынталандыруға бағытталған.