«БШҒӨО» ЖШС-тің қызметкерлері «Қазақстан Республикасының табиғи су қоймаларын балық қорын көбейту үшін оны одан әрі жүзеге асыру мақсатында сазан балық қорын жасанды молайту және өсіру» коммерцияландыру жобасы аясында жеке серіктес «Қапшағай НВХ-1973» ЖШС негізінде сазан тұқымын көбейтуге ғылыми қолдау көрсетуде.
Қазіргі уақытта тұқы аталықтарынан жыныстық өнімдерді іріктеу жұмыстары жүргізілді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырық одан әрі инкубациялау үшін инкубациялық цехқа жіберілді.
Жұмыс барысында дернәсілдерді АҚҚ (айналмалы су құбыры қондырғысы) бақыланатын жағдайында өсіреді, содан кейін олар табиғи су қоймаларын қорлау үшін тұқы балығын одан әрі өсіру және сату үшін тоғандарға жіберіледі.
Бұл кезеңде «БШҒӨО» ЖШС-тің қызметкерлер сазаның эмбриогенезі процесін бақылайды.
Фотосуретте — балықтың көзінің пигментациясының басталу кезеңі:
Эмбрионның денесі әлсіз қозғалыстар жасайды. Құйрық бөлігінің сегменттелуі екі күннен сәл артық жаста байқалады. Осы уақытқа дейін дененің сегментациясы аяқталды. Көзде қара пигмент туындайды. Мидың бөліктері ерекшелене көрінеді. Есту капсуласында отолит түзіледі.