Ғылым мен тәжірибенің синергиясы — Қазақстандағы аквакультураны дамытуға, өнім сапасын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кілті.

«Заманауи акваөсіру – бұл ғылыми жетістіктер мен өндірістік тәжірибенің интеграциясы арқасында белсенді дамып келе жатқан жоғары технологиялық сала. Балық шаруашылығының табысты және тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – өндірістік шаруашылықтар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының жемісті ынтымақтастығы.

Балық шаруашылықтары мен ғылыми ұйымдардың бірлескен жобалары судың сапасын және балықтардың жағдайын бақылаудың заманауи әдістерін, биотехнологиялар мен озық инновациялар қолдана отырып, өсіру мен көбейту әдістерін енгізуге мүмкіндік береді. Әсіресе Қазақстан аквакультурасына жаңа объектілерді енгізу, дәстүрлі объектілерді өсіру технологияларын технологиялық даму тұрғысынан қайта қарау, сондай-ақ су айдындарымыздың биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері бойынша әзірлемелер ерекше маңызды.

📍 Осы мақсатта «БШҒӨО» ЖШС-нің Ғылым жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, б.ғ.д., профессор Асылбеков С.Ж., аквакультура зертханасының меңгерушісі Булавина Н.Б. және аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері, PhD Маратова Г.М. «АгроАкваКомплекс» ЖШС-на барды.

«АгроАкваКомплекс» ЖШС-нің балық өсіру учаскесі Алматы облысы, Байдібек би ауылы мекенжайында орналасқан. Координаттары: ендік 43°31’34.67″С, бойлық 77°41’3.91″Ш.

«АгроАкваКомплекс» ЖШС-нің балық өсіру аумағында жоспарланған негізгі нысандар – сазан (Cyprinus carpio), ақ амур (Ctenopharyngodon idella), ақ дөңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix), албырт (Oncorhynchus mykiss) және бекіре тұқымдас балықтар (атап айтқанда сібір бекіресі – Acipenser baerii).

Балық өсіру аумағын сумен қамтамасыз ету – бұлақтар мен жерасты суларынан құралған шағын өзендер есебінен жүзеге асады. Сумен қамтамасыз ету ағынды су арқылы жүргізіледі. Балықтардың тоғандардан шығып кетпеуі үшін су беретін және су ағызатын жерлерге қорғаныш торлары орнатылған. Тоғандардағы су ағынын реттеуге мүмкіндік бар.

Тоғандардан суды ағызу арнайы су ағызу арналары арқылы жүргізіледі және ол шаруашылықтың төменгі бөлігінде орналасқан егістік алқаптарды суаруға пайдаланылады.

«АгроАкваКомплекс» ЖШС балық өсіру шаруашылығы аймағында қоршаған орта экологиясына теріс әсер ететін антропогендік көздер мен факторлар жоқ.