2022 жылғы 15 сәуірден бастап, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (Балқаш балық шаруашылығы инспекциясы басқармасы) және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Балқаш филиалының қатысуымен дәстүрлі балық аулау құралдарының (капрон торлары) және торлы қадамы 30-дан 100 мм-ге дейінгі моножіпті торлардың (желі) селективтілігін анықтау бойынша тәжирбиелік жүмыстар жүргізілуде.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары батыс Балқаш бойынша 15.04 – 22.04.2022 жылдар аралығында, Шығыс Балқаш бойынша 20.04 – 27.04.2022 жыл аралығында жүргізіледі.
Нәтижелері бойынша балық ресурстарын сақтау және өсімін молайтуды қамтамасыз ету үшін шабақтарды (жас балықтарды) (өндірістік көлемде емес, яғни жыныстық жетілмеген) қосымша аулауға жол бермейтін ең аз тор мөлшері бар балық аулау құралдары бойынша ұсыныстар беріледі.
Шараға барлық қызығушылығы бар тұлғаларды қатысуға шақырамыз!
Аулауға қатысу мәселелері бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: