Тағайындау

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы С. Сермағамбетовтың бұйрығымен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің басшысы қызметіне Суюбаев Алмат Сағынтайұлы тағайындалды.

Алмат Сағынтайұлы 1975 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы Каспий және өңірлік қарым-қатынас мәселелері жөніндегі бөлімнің референті, ҚР Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінде бастаған.

1997-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт қызметінен бірінші хатшы қызметіне дейін;

2003-2012 жылдары ҚР Түркия, Түркменстан Республикасыдағы Елшіліктерінде және Женева қаласында хатшы қызметтерін атқарған;

2012-2016 жылдары ҚР Стамбул қаласындағы бас консулдығының кеңесшісі;

2017-2019 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары;

2020-2021 жылдары ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Түркістан және Алматы облыстарының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары және басшысы;

2021-2025 жылдары ҚР АШМ Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы қызметін абыроймен атқарды.

Бас директорға жаңа қызметінде толағай табыс тілейміз!