Алакөл көлдер жүйесінде жазғы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап бастап қазіргі уақытқа дейін «БШ ҒӨО» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері Алакөл көлдер жүйесінде далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Әр қызметкердің іссапар мерзімі атқаратын жұмысына байланысты 14-33 күнге дейінгі аралықты қамтыды.

Экспедициялық топтың жетекшісі – Қарлыбайұлы С., құрамында  эксп. отряд жетекшісі Минат А., ғылыми қызметкер Игілік Р., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С., кіші ғылыми қызметкер Маратұлы Қ., аға ғылыми қызметкер Амирбекова Ф.Т. және лаборант-жүргізуші Абишев Н.Б.мамандары бар.

Жұмыстар — 021 бюджеттік бағдарламасы, Алакөл көлдер жүйесі бөлімі бойынша ғылыми бағдарламасы аясында атқарылуда.

Зерттеу бағыттары:

  • ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық материалдар жинау;
  • Алакөл көлдер жүйесіндегі кәсіптік балық түрлерінің қазіргі жай-күйін бағалау;
  • зоопланктон, фитопланктон, зообентос және балықтардың қоректік базасына қатысты сынамалар алу;
  • су жануарларының тіршілік етуіне әсер ететін абиотикалық факторлар бойынша мәліметтер жинау;
  • балық ресурстарының шекті аулау мөлшерін ғылыми негіздеу.

Зерттеу жұмыстары «ҒЗЖ» бағдарламасының негізінде бекітілген маршруттар бойынша жүргізілуде. Экспедиция қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті техникамен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта далалық және зертханалық жұмыстар жалғасуда.