«БШҒӨО» ЖШС бас бөлімшесінде, ихтиология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Е.В. Куликов семинар өткізді

Семинар Алтай, Арал, Балқаш, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік филиалдарының қатысуымен онлайн форматта «РХ ҒӨО» ЖШС жас мамандарының біліктілігін арттыруға арналды.

Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

«БШҒӨО» ЖШС бас бөлімшесінде, ихтиология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Е.В. Куликов «Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көлдер жүйесі мысалында болжамды зерттеулердің сапасын жақсарту жөніндегі жүйелі шаралар, MSY өлшемін тексеру үшін шекті рұқсат етілген аулауларды есептеу схемасын жаңғырту және қорлардың жай-күйін модельдеу»тақырыбында семинар өткізді.

Семинар Алтай, Арал, Балқаш, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік филиалдарының қатысуымен онлайн форматта «БШҒӨО» ЖШС жас мамандарының біліктілігін арттыруға арналды.

Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Зерттеуді жоспарлау
  2. Кәсіпшіліктегі жұмыс
  3. Зерттеу әдістерін дәл сақтау
  4. Балықтардың барлық өлшем-жас топтары бойынша материал жинауды қамтамасыз ететін осындай аулау құралдарын қолдану
  5. Lc50 және Lm50 көрсеткіштері
  6. Қор жағдайын модельдеу

Семинарды өткізу барысында су айдындарындағы зерттеулердің сапасын жақсарту бойынша өзекті мәселелер қарастырылды, ихтиологиялық материалдарды жинау және өңдеу құралдарына басты назар аударылды. Бұдан басқа, кәсіпшілікте деректерді жинақтау бойынша жұмыс схемалары, станцияларда сынамаларды іріктеудің дұрыстығы қаралды.

Семинардың басты міндеттерінің бірі заманауи әдістерді қолдана отырып, су айдындарындағы балықтардың санын есептеу кезінде деректерді дұрыс өңдеуге қол жеткізу болды. Атап айтқанда, балық аулау құралдарының аулау коэффициенттеріне ерекше назар аударылды, олар балық аулаудың рұқсат етілген мөлшерін есептеу және балық қорының жағдайын модельдеу кезінде маңызды.