Батыс Қазақстан өңірінің балық ресурстарын Мегажоба аясында зерттеу

2023-2025 жылдары «БШ ҒӨО» BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда, блок: балық ресурстары.

Мегажобаның негізгі идеясы – балық ресурстарын және су айдындарының биопотенциалын пайдалану саласындағы Батыс Қазақстан өңірінің экологиялық-әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қалыптастыру. Осы көрсеткіштер негізінде халықтың балық өнімдерімен қамтамасыз етілуін, биота үшін су ортасының сапасын бағалау, сондай-ақ құрылған дерекқорлар мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, даму әлеуетін анықтау болып табылады.

2025 жылға арналған Күнтізбелік жоспарға сәйкес келесі міндеттерді шешу жоспарланған:

  1. Ақпараттық-бағалау карталарының сериясын жасай отырып, Батыс Қазақстан өңірі су айдындарының биоресурстық әлеуеті мен аумақтардың шаруашылық-ресурстық әлеуетінің қазіргі жай-күйіне болжамдық баға беру.
  2. Батыс Қазақстан өңірінде балық және балық өнімдері бойынша тұрақты дамуды және азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін болжамдық-ұсынымдық карталар сериясымен балық ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ғылыми-негізделген іс-шараларды әзірлеу.
  3. Климаттың өзгеруі және шаруашылық қызмет жағдайында Батыс Қазақстан өңірі су айдындарының табиғи капиталын және экожүйелік қызметтерінің құнын бағалау негізінде аумақтардың орнықты даму жолдарын ағымдағы (базалық) және баламалы даму нұсқалары бойынша айқындау.

23-24 маусымда Ақтөбе су қоймасында су айдындарына мониторингтік зерттеулер (қоршаған орта сапасына су сынамаларын алу, қоректік базасы және тор қою) жалғасуда. Зерттеулерге Бас директордың орынбасары, б.ғ.д., «Балық ресурстары» блогының жетекшісі — Асылбекова С.Ж., сондай-ақ Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері – PhD докторы, Батыс-Қазақстан филиалы директоры — Туменов А.Н., аға ғылыми қызметкер — Пилин Д.В., аға ғылыми қызметкер — Тулеуов А.М, экспидициялық жасақ басшысы — Булеков Н.У., ғылыми қызметкер — Днекешев А.К. және жүргізуші — Б.Ж. Жунусов Б.Ж. қатысуда.