Cites (CITES) ғылыми қорытындысын қалай алуға болады?
Cites ғылыми қорытындысын беру ережелері мен алу тәртібі біздің сайтта Cites бөлімінде берілген (https://fishrpc.kz/?p=575), онда сіз Cites өтініш формасын жүктей аласыз.
«БШ ҒӨО» ЖШС қызметі туралы ақпаратты қайдан көруге болады?
«БШ ҒӨО» ЖШС қызметі сайттағы жаңалықтар айдарында, сондай-ақ Фейсбук, Инстаграм, Телеграмм, Твиттер интернет-платформаларында жарияланады.
Биологиялық негіздеме дегеніміз не?
Биологиялық негіздеме – жануарлар дүниесін пайдалануға, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың жол берілетін көлемін айқындауға, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілеріне және олардың мекен ету ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған ғылыми негізделген қорытынды.
Аквакультура саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме дегеніміз не?
Аквакультура саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме (ББН) – зерттеу жұмыстары мен ғылыми деректер, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің қазіргі жағдайы мен әлеуетін бағалау, сондай-ақ аквакультура объектілерін өсіруге және (немесе) ұстауға, өсірумен байланысты технологияларды қолдану нәтижесінде әзірленген ғылыми негізделген ұсынымдар кешені.
Биологиялық негіздеме келесі мақсаттарда әзірленеді:
Бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде ғылыми зерттеулер олар бекітілген аквакультура субъектілерінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Балық өсіру-биологиялық негіздемесін әзірлеу құны жыл сайын орталықтың сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде жарияланады: https://fishrpc.kz/?page_id=380
Қандай жағдайларда ББН әзірлеу қажет, оны кім әзірлейді және дайындау үшін қандай мәліметтер қажет?
Аквакультура саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме келесі қызмет түрлері үшін әзірленеді:
Биологиялық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) автономды білім беру ұйымдары жүргізетін ғылыми зерттеулер негізінде әзірленеді.
Аквакультура саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемені (ББН) дайындау үшін келесі мәліметтер қажет:
Су объектісінің ерекшеліктеріне байланысты балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу барысында гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық және экологиялық зерттеулерді қамтитын кешенді далалық жұмыстар жүргізіледі.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша су айдынының жағдайына кешенді бағалау жасалып, оны тиімді балық шаруашылығы мақсатында пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірленеді.
Қандай балық түрлерін өсіруге ұсынуға болады, ББН қандай мерзімге әзірленеді және оның ұсынымдарын сақтау не үшін маңызды?
Өсіруге ұсынылатын балық түрлерінің тізбесі су объектісінің сипаттамалары, климаттық жағдайлар, қоректік базаның жай-күйі, жүргізілген зерттеулер нәтижелері және қолданыстағы заңнама талаптары негізінде жеке айқындалады.
Балық өсіру-биологиялық негіздеме қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 5 (бес) жыл мерзімге әзірленеді. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ су объектісін пайдалану жағдайларының табиғи, гидрологиялық, экологиялық немесе шаруашылық тұрғыдан елеулі өзгеруі кезінде ББН өзектендірілуге немесе жаңа балық өсіру-биологиялық негіздеме әзірленуге тиіс.
ББН-да көрсетілген ұсынымдарды сақтау су айдынының балық шаруашылығы әлеуетін ұтымды пайдалануға, су биологиялық ресурстарын сақтауға, балық өсіру қызметінің тиімділігін арттыруға және экологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.
ББН әзірлеу мәселелері бойынша кеңесті қайдан алуға болады?
Аквакультура саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу мәселелері бойынша ұйым мамандарына 8(727)383-17-15 телефоны, info@fishrpc.kz электрондық поштасы немесе ресми сайтта орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы хабарласуға болады.
Мамандар қажетті құжаттар тізбесі, зерттеу жұмыстарын жүргізу тәртібі, жұмыстарды орындау мерзімдері және ББН дайындауға қатысты басқа да мәселелер бойынша кеңес береді.
Қазақстанда қандай балық түрлері өсіріледі?
Балық өсірудің негізгі объектілері болып тұқы тұқымдас балықтар (тұқы, ақ амур, дөңмаңдай), бекіре тұқымдас балықтар (стерлядь, сібір бекіресі, орыс бекіресі және т.б.), сондай-ақ форель, кларий жайыны және тиляпия табылады.
Балық өсіру шаруашылығын құру және жүргізу кезінде қандай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет?
Аквакультура саласында қызметті құру және жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және саланың дамуын реттейтін бағдарламалық құжаттарды басшылыққа алу қажет.
Негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының «Аквакультура туралы» Заңы (2025 жылғы 12 маусым) – аквакультура саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, балық өсіру шаруашылықтарын құру мен дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайтын негізгі нормативтік құқықтық акт;
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы (2004 жылғы 9 шілдедегі №593);
2021–2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен бекітілген) – балық шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды және келесі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді:
– балық өсіру көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін арттыру;
– балық өнімдерін ішкі тұтыну көлемін жылына 134 мың тоннаға дейін арттыру;
– балық өнімдерінің экспортын жылына 181 мың тоннаға дейін ұлғайту.
Сонымен қатар аквакультура саласындағы жобаларды іске асыру кезінде жер учаскелерін беру, су пайдалану, жобалау, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескеру қажет.
Балық өсіру шаруашылықтары үшін қандай мемлекеттік қолдау (субсидиялау) шаралары қарастырылған?
Аквакультура (балық өсіру) саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін мемлекеттік қолдаудың келесі шаралары қарастырылған:
Мемлекеттік қолдаудың нақты түрлері мен оларды ұсыну шарттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
Балық өсіру шаруашылықтары үшін субсидиялаудың қандай түрлері қарастырылған?
Аквакультура (балық өсіру) субъектілері үшін субсидиялау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) Инвестициялық салымдарды субсидиялау
Бұл бағыт:
Нормативтік құжат: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500037319
2) Өндірістік шығындарды субсидиялау
Көзделеді:
Нормативтік құжат: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500037320
3) Су беру қызметтерін субсидиялау
2026 жылдан бастап балық өсіру және өңдеу жобаларын іске асыру кезінде су беру қызметтеріне жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылады.
Нормативтік құжат: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500037320
Субсидия беру тәртібі, шарттары және мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Аквакультураны (балық өсіруді) дамытуға арналған субсидиялау қағидаларымен айқындалады.
Балық шаруашылығын дамыту үшін қандай жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары қолжетімді?
Аквакультура және балық өңдеу саласын дамыту мақсатында мемлекет жеңілдетілген кредит беру бағдарламаларын іске асыруда.
1) Инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу
2024 жылдан бастап балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы келесі шарттармен жүзеге асырылуда:
Бағдарлама бағытталған:
жылына 25 тоннадан астам тауарлық балық өндіретін жаңа балық өсіру шаруашылықтарын құруға және қолданыстағыларын кеңейтуге;
тәулігіне 1 тоннадан астам өндірістік қуаты бар балық өңдеу кәсіпорындарын дамытуға (балықты бөлшектеу, терең өңдеу және өнімді сақтау).
2) Аграрлық кредиттік корпорация арқылы жеңілдетілген қаржыландыру
2026 жылдан бастап Аграрлық кредиттік корпорация (АКК) арқылы қаржы институттарын тікелей субсидиялау механизмі пилоттық режимде енгізілді.
Механизм аясында:
Бұл механизм:
Халықаралық немесе республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекіту қалай жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасының «Аквакультура туралы» Заңына сәйкес аквакультура саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін халықаралық немесе республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітудің арнайы тәртібі қарастырылған.
Учаскелер Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаларға келесі жобаларды іске асыру үшін бекітіледі:
Учаскені бекіту үшін заңды тұлға мыналарды ұсынуы қажет:
Учаске бекітілгеннен кейін компания:
Нормативтік құжат: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500036754
Учаскелерді бекіту талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының «Аквакультура туралы» заңының 11-бабында белгіленген. Қосымша ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінен немесе балық шаруашылығы бассейндік инспекцияларынан алуға болады.
Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту мерзімдері қандай?
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 40-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бекіту мерзімі:
балық шаруашылығын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін;
балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жергілікті маңызы бар, балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – бір жылдан бес жылға дейін.