Бүгін, ҚР АШМ БШК «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және «Ауыл» партиясының төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арсютин Николай Геннадьевич келді.
Кездесу барысында балық шаруашылығы ғылымының жай күйі мен өзекті мәелелері талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі таңда мәжілісте қаралып жатқан «Аквакультура туралы» заң жобасы бойынша да пікір алмасулар болды.
Сондай-ақ, зертханалармен танысып, ұжымның ұсыныстарын тыңдап, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.