2024-2026 жылдарға арналған (БНҚ) «Табиғи ресурстар» ғылыми-техникалық бағдарламасы
BR23591095 Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу
Бағдарламаны жасаушы:
«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
Бағдарламаның мақсаты:
Су биологиялық ресурстарын қорғау және орнықты пайдалану жөніндегі ұсынымдар мен іс-шараларды әзірлеу үшін гидробиоценоздардың биологиялық әртүрлілігін, эпизоотиялық жай-күйін және олардың ресурстық әлеуетін бағалау.
Бағдарламаның міндеттері:
2024 жылы алынған нәтижелер:
Биоалуантүрлілікке және оның динамикасының тенденцияларына талдау жүргізілді (түр тізімдерін құру, тиісті индекстерді есептеу, гидробионттардың түр тізімдерін талдау (фитопланктон, зоопланктон, зообентос, балықтар) индекстер (Шеннон, сапробность) негізінде су айдындары (Арал-Сырдария, Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас бассейндері) ценоздарының тұрақтылығын бағалау үшін.
Қазақстанның негізгі балық шаруашылығы су айдындарының гидробиоценоздары (Жайық-Каспий, Ертіс, Есіл Іле, Нұра-Сарысу, Балқаш-Алакөл, Тобыл-Торғай, Арал-Сырдария), сондай-ақ, балық ауруларының паразиттік-вирустық қоздырғыштары зерттелді.
Каспий итбалығы популяциясына зерттеулер жүргізілді. Солтүстік Каспийдегі температуралық режим мен мұз жамылғысын талдау негізінде каспий итбалығының өсімін молайту жағдайларын бағалау 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңі «орташа» кезеңге жататынын және каспий итбалығын көбейту үшін қолайлы болғанын көрсетті. Итбалық өлекселерінің санын бағалау, сыртқы тексеру және сынамаларды іріктеу және талдау негізінде өлімнің ықтимал себептерін анықтау жүргізілді.
Жайық-Каспий су айдындарындағы (Қиғаш өзені) ихтиоценоздар мен қоршаған орта факторларының жай-күйі (су айдындарының гидрологиялық және гидрохимиялық режимдері, балықтардың азықтық базасының жай-күйі, балықтардың биологиялық талдауы) зерттелді, Балқаш-Алакөл (Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы), Ертістік (Жайсан көл), Нұра-Сарысу бассейндері (Самарқанд су қоймасы). Балықтар санын есепке алудың негізгі әдістемелерін тестілеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары (алаңдар әдісі бойынша Балқаш және Жайсан көлі, Кушнаренко-Лугарев әдістемесі бойынша – Қапшағай су қоймасы және Самарқанд су қоймасы, уақытша әдіс бойынша – Қиғаш өзені, гидроакустикалық әдіс бойынша – Қапшағай су қоймасы) әртүрлі кәсіптік су айдындарында өткізілді.
Гаммарусты кәсіптік аулауды ұйымдастыруға жарамды 25 су айдыны зерттелді. Зерттеу кезеңінде гидрохимиялық талдауға сынамалар алынды, қоректік базасы бойынша және ихтиофаунаның түрлік құрамын талдау үшін материал жиналды, сондай-ақ гаммарус популяцияларының жай-күйін талдау және зерттелген су айдындарында оның өнімділігін бағалау үшін материал жиналды.
БАҚ-та 10 мақала жарияланды, 5 семинар өткізілді, 1 ұсыныс шығарылды, (Web of Science, Scopus) дерекқор басылымында 1 мақала жарияланды.
ГОСТ 7.32-2017 сәйкес 2024 жылға арналған аралық есеп дайындалды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0124РК00942.