«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС – мен семинар

Бүгін, 2024 жылдың 27 қыркүйегінде «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесінде «Балық кәсіпшілігі су айдындарының жыл сайынғы зерттеу түсірілімдерінің деректерін жинақтауға, Қазақстан Республикасының балық кәсіпшілігі су айдындарына мониторинг жасауға, әзірленген математикалық модель негізінде әртүрлі факторлардың әсерін ескере отырып, балық қорын бағалау бойынша есептеулер жүргізуге, сондай-ақ, әзірленген әдістемені пайдалана отырып шекті рұқсат етілетін аулаудың көлемін анықтауға арналған микросервистік архитектурадағы ақпараттық жүйенің прототипін таныстыру» тақырыбында онлайн-семинар өтуде.

Онлайн – семинардың спикері — «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС-нің Бас директоры, ф.-м. ғ. к., доцент, Халықаралық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Габбасов Марс Беккалиевич.

Семинар 2024-2026 жылдарға арналған (ЖТН: BR23591095) «Судағы биологиялық ресурстар қорының динамикасын жобалау, әлеуетін бағалау негізінде оларды сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында су айдындарын кешенді зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының «Балықтар санын есепке алу және шекті рұқсат етілетін аулауды есептеу бойынша отандық әдістемелік ұсыныстар әзірлеу және ішкі кәсіпшілік су айдындарындағы балықтар қоры жай-күйін жобалау арқылы кешенді бағдарлама жасау» міндеті шеңберінде ұйымдастырылды.