Онлайн-семинар өтуде: «Балықтың жаппай бактериялық вирустық инфекциясы. Клиникалық белгілері (зертханалық талдау үшін сынама алу әдістері)».

«БШҒӨО» ЖШС-де балықтардың жаппай бактериялық вирустық инфекциясы тақырыбында онлайн-семинар өтуде

Бүгін, 2024 жылы 25 қыркүйекте «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС – ның  бас бөлімшесінде келесі тақырыпта онлайн-семинар өтуде: «Балықтың жаппай бактериялық вирустық инфекциясы. Клиникалық белгілері (зертханалық талдау үшін сынама алу әдістері)».

Онлайн-семинардың спикері «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының» ғылыми қызметкері Сүлейменова Сымбат Амангелдіқызы.

Семинарға қатысушылардың басқа да сұрақтарына «Микробиология және вирусология» ҒӨО вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Қыдырманов Айдын Исағалиұлы жауап берді.

 «Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде су айдындарын кешенді зерттеу » (ЖРН: BR 23591095), тапсырма бойынша (жоба): «Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарындағы кәсіптік балық түрлерін ихтиопатологиялық зерттеу және балықтардың жұқпалы ауруларының жаппай таралу қаупін азайту жөніндегі кешенді іс-шараларды әзірлеу», тақырыбында 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде семинар ұйымдастырылды.