Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Іле өзені мен Қапшағай су қоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

5 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен (экспедициялық жасақтың бастығы Макамбетов С.Ж., экспедициялық жасақтың бастығы Баққожа Ж.М., ғылыми қызметкерлер Пангереев Б.С., Игілік Р. және зертханашы Абишев Н.Б.) Іле өзені және Қапшағай суқоймасында бюджеттік бағдарламалар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

— 021 ББ (БТ 100) Бөлім: Қапшағай суқоймасы және Іле өзені»;

— 267 ББ (БТ 101) «Су биологиялық ресурстарын олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде сақтау және орнықты пайдалануын үшін су айдындарын кешенді зерттеу».

— ҒТП «Балқаш-Алакөл бассейнінің қуаң аймақтарындағы (аридті) жабайы жануарларының сақталуына және орнықты пайдалануына қауіп — қатерлерді бағалай отырып түгендеу».

Қазіргі уақытта экспедициялық жасақ келесі жұмыстарды жүргізуде:

— балықтың негізгі биологиялық көрсеткіштері — ихтиологиялық материалды жинау және талдау жүруде;

— суайдындары бойынша кәсіптік ихтиофауна құрамы талдануда;

— балықтардың күзгі өрістеуге шығу зерттелуде;

-бекітілген балық кәсіпшілігі учаскелерінде табиғат пайдаланушылардың кәсіпшілік аулауына талдау жүргізілуде.

— Қапшағай суқоймасы бойынша балықтардың санын есепке алу үшін эхолотты түсірілім жасалуда.

Сонымен қатар, «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің 22.07.2024 жылғы № 30.02-02-27/656 хаты негізінде өткен жиналыстың хаттамасына сәйкес Қапшағай балық шаруашылық инспекциясы бөлімінің мамандарымен бірлесе кәсіптік балықшылардың ауларына талдау жұмыстары жүргізілуде.  

 Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ)»  Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Карбеков Е.О. қатысуда.