10 тамыздан бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандары (экспедиция отрядының басшысы Макамбетов С.Ж., ғылыми қызметкерлер Пангереев Б.С., Игілік Р., Жданко Л.А. және зертханашы Абишев Н.Б.) «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Ерекше қорғалатын табиғи аумағында (ЕҚТА) орналасқан Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдерінде 021 ББ (БТ 100) «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Ерекше қорғалатын табиғи аймақта орналасқан (ЕҚТА) Ортаңғы Көлсай көлі және Төмеңгі Көлсай көлі» бойынша келесідей кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
— гидрохимиялық сынамаларды алу және далалық және зертханалық жұмыстар жүргізу;
— вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар алу;
— Көлсай көлдерінің таяз суларынан шабақтық сүзгі аумен құбылмалы бахтах балығының ұдайы өсуінің сынамасын алу;
— балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ау құру.
Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдері Алматы облысында орналасқан. Көлсай көлдеріне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен 2017 жылдан бастап жүргізіп келеді.