ЖТН АР09058066 «Ірі СЭС бөгеттері мен суқоймаларының суағытқышына балық пен шабақтардыңтүсуінен қорғау үшін активті жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысын әзірлеу»
Жобаны әзірлеудің алғышарттары:
Қазіргі уақытта ірі СЭС бөгеттері мен су қоймаларының су ағызу құрылыстарына балық пен балық шабақтарын түсуден қорғауға арналған тиімді балық қорғау құрылғылары жүргізілмейді. Ірі су тораптарының су бұру құрылыстары ағызылатын судың аса жоғары (500 м 3 /с дейін) көлемімен сипатталады. Оның үстіне суды ағызу дүркін-дүрсін тәсілмен жүргізілуі мүмкін — техникалық қажеттілік туындаған кезде қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде су ағызылады. Су ағызу құрылғысының алдында үлкен учаскесінде ағып бара жатқан судың мықты ағыны туындайды, ол су түсіретін құрылғы арқылы барлық балықтар мен шабақтарды өзіне тартып алады. Жаппай су ағызудың төтенше жағдайларына байланысты, балық қорғаудың дәстүрлі түрлерінің пайдасы шамалы. Жобаның ғылыми жаңалығы балық қорғайтын құрылғы аясында жаңа қадамды — ірі СЭС бөгеттері мен су қоймаларының су ағызу құрылыстарында балық пен балық шабақтарынтиімді қорғай алатын активті жылжымалы тиімділігі жоғары акустикалық балық қорғауды жүзеге асырумен негізделеді.
Жоба мақсаты:
СЭС-ның су түсіретін құрылғыларына және басқа да су тораптарына балық пен шабақтардың түсуінен қорғайтын тиімді балық қорғайтын құрылғы әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер:
Дүркін су ағызатын ірі су тораптарының тиімді балық қорғау құрылғысын әзірлеу, тәжірибелік үлгіні дайындау және сынау, дайындауға және пайдалануға құжаттар пакетін ресімдеу.
Жарты жылда қол жеткізілген нәтижелер:
Су айдынының гидрологиялық және ихтиологиялық жағдайында су бөгеттерін зерттеу жүргізілді. Осы мақсаттар үшін сынамалық су қоймасы ретінде Батыс Қазақстан облысындағы Кировское УКОС су қоймасы таңдалды. Сынамалық су бұру ретінде Киров су қоймасының бөгеті таңдалды. Гидрологиялық зерттеулерді орындау мақсатында су қойма акваториясында және бөгеттің су ағызу құрылысы ауданында тереңдігін өлшеу бойынша 75 мәрте, ал ағыс жылдамдығын 85 мәрте өлшеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ихтиологиялық зерттеулер тұрғысынан 10 ғылыми аулау жүргізілді, балықтардың шоғырлануы мен қоныс аудару жолдары анықталды. Ихтиофаунаның түрін, жасын және өлшемі мен салмағын анықтауға 320 дана балық алынды. Балық шабақтарының шоғырлануын, қоныс аударуын және еңісін анықтау үшін жарыс шеңберімен жас шабақтардың 20 сынамасы және шабақтардың 10 сынамасы алынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысының конструкциясы, жинақталуы және пайдалану режимі бойынша дұрыс шешімдер қабылдау үшін бастапқы гидрологиялық және ихтиологиялық деректер алынды.
2021 жылы қол жеткізілген нәтижелер:
Өткізілген гидрологиялық зерттеулер бөгеттің су ағызу аймағында су ағысының тереңдігі мен бұзу жылдамдығын зерттеуге мүмкіндік берді. Ихтиологиялық зерттеулер ихтиофаунаның түрлік, жас және мөлшерлік құрамы, қорғалатын балықтар мен шабақтардың биологиялық сипаттамалары бойынша деректер алуға мүмкіндік берді. Бір жылдық зерттеулер ірі СЭС және су қоймалары бөгеттерінің су ағызу аймағына түсуінен балықтар мен шабақтарды тиімді қорғау үшін белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысының конструкциясы, пайдалану режимін жинақтау бойынша дұрыс шешімдер қабылдауға негіз болды. Үлгілік су қоймасы ретінде Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы Орал-Күшім суару-суландыру жүйесі (ОКССЖ) таңдалды. Киров су қоймасының бөгеті үлгілі су төгетін су қоймасы ретінде таңдалды. БҒСҚК ұсынған шетелдік басылымда 1 мақала жарияланды, 1 дала күні өткізілді.
2021 жылға күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі:
2022 жылы қолжеткізілген нәтижелер:
Ірі СЭС және суқоймалары бөгеттерінің сужіберу аймақтарына балықша бақтарының түсуінен қорғау үшін тиімді белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысының конструкциясы әзірленді және прототипі жасалды. Қазақстандық патенттік бюродан 2 патент алынды, 1 семинар өткізілді.
2022 жылға күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі:
Балықтармен шабақтарды су өткізгіштергетү суден экологиялық қорғау тәсілі: №6982 Қазақстан Республикасының пайдалы модельге патенті. Суэлектрстанциясымен суқоймаларының бөгеттеріне арналған белсенді жылжымалы гидроакустикалық балыққорғау құрылғысы: № 7135 Қазақстан Республикасының пайдалы модельге патенті. «Балықтармен олардың шабақтарын ірі ГЭС бөгеттерімен суқоймалардың суағызатын арналарынатү суінен қорғау үшін балыққорғау құралдарын жасау» тақырыбында семинар өтті.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, олардың идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті профильдерге сілтемелер:
Туменов А.Н., БШҒӨО» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының директоры, ORCID нөмірі — https://orcid.org/0000-0001-7995-2001; Scopus профиліне сілтеме — https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57193997565;
Пилин Д.В., «БШҒӨО» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының аға ғылыми қызметкері, ORCID — https://orcid.org/0000-0003-4188-1185; Scopus профиліне сілтеме — https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57191248333&eid=2-s2.0-84988378030;
Мухрамова А.А., «БШҒӨО» ЖШС Бас ғылыми хатшысы, ORCID нөмірі https://orcid.org/0000-0002-4701-6195, Web of Science Researcher ID — AAU-9605-2020; Scopus профиліне сілтеме:
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57216540827;
Тулеуов А.М., «БШҒӨО» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының экспедициялық жасағының бастығы, ORCID нөмірі https://orcid.org/0000-0003-3313-5203;
Булеков Н.У., «БШҒӨО» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының ғылыми қызметкері;
Баяндина А.М., Бас экономист, orcid нөмірі https://orcid.org/0000-0003-4975-0681.
Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат
Балық қорғау құрылғысының бұл түрін су пайдаланушылар үшін су және ауыл шаруашылығы саласында, ірі су электр станциялары мен су қоймаларында, балық шабақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін пайдалануға болады. Қазақстан Республикасының су Кодексіне сәйкес су алу желісін БҚҚ – сыз пайдалануға болмайды. Бұл әзірлеме ірі CЭС бөгеттері мен су қоймаларын (мысалы, Ертіс өзеніндегі CЭС каскады, Қапшағай CЭС, Ақтөбе теңізі, Шардара, УКООС және т.б. су қоймаларының бөгеттері) тиімді отандық құрылғылармен жабдықтаудың өзекті проблемасын шешуге бағытталған.
2023 жылы қолжеткізілген нәтижелер:
2023 жылы ірі СЭС бөгеттерімен су қоймаларының су ағызғыштарына балықпен шабақтардың түсуінен қорғау үшін белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысы сыналды. Дайындалған балық қорғау құрылғысының тиімділігі анықталды. Сынақ нәтижесінде балық қорғау құрылғының орташа тиімділік 63,4 % екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 су қабылдау және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Су ағызу құрылыстары үшін талаптардың 1-қосымшасына сәйкес, көлемі 12 миллиметрден асатын шабақ балықтарға БҚҚ тиімділігі кемінде 60% құрайды. Осылайша, балықтар мен шабақтарға ірі СЭС бөгеттері мен су қоймаларының су ағызғыштарынан қорғау үшін әзірленген белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысының орташа тиімділігі нормативтік талапқа қарағанда 3,4% — ға жоғары екені анықталды.
СЭС бөгеттерімен су қоймаларының су ағызғыштарына балықпен шабақтардың түсуінен қорғау үшін белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысын дайындауға және пайдалануға арналған техникалық құжаттама әзірленді. Құжаттаманың мақсаты қазақстандық кәсіпорындарда осы БҚҚ дайындау болып табылады. Бұл басқа елден жеткізу және техникалық қызмет көрсету шығындарын алып тастау арқылы БҚҚ құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Техникалық құжаттама құрылымдық жағынан екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім БҚҚ дайындау және құрастыру мәселелеріне арналған. Екінші бөлім БҚҚ пайдалану мәселелері.
2023 жылы гранттық жоба тақырыбы бойынша рецензияланатын басылымдарға мақала жіберілді: «Method for environmental protection of fish from going into water discharge facilities» и «Experiments on frightening effects to fish by underwater sound emitters for diversion from dangerous areas of reservoirs». Бұл мақалаларды жариялау үшін рецензияланған басылым Caspian journal of Environmental Sciences жіберілді импакт-факторы 44 процинтель.