BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жұмыстар жалғасуда.
Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлерімен талдау материалдарын жинау мақсатында Ақтөбе обылысының Торғай және Ырғыз өзендері, Байтақкөл және Қармақкөл көлдері, және Сазды су қоймасына экспедициялық іс- сапар ұйымдастырылды.
Іс- сапар барысында фито- және зоопланктон, зообентос сынамалары, сонымен қатар гидрохимиялық және токсикологиялық зерттеу үлгілері жинақталды.