Ғылыми зерттеулер барысында сирек кездесетін балық үлгісі ұсталды

2023-2025 жылдарға арналған  BR21882122 «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы жасыл өсу контекстінде: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» (блок: балық ресурстары), ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде мониторинг және сынамаларды іріктеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі уақытта Кендірлі  шығанағы  маңындағы  №1 станцияда «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің экспедициялық тобы орналасты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде Каспий албыртының (Salmo caspius) немесе Каспий кумжасының (Salmo trutta caspius) үлгісі аулап алынды. Тірідей  алынған биологиялық көрсеткіштерге сәйкес, балықтың  денесінің ұзындығы 47 см, ал салмағы 1,3 кг құрайды. Аулап алған  балықты Каспийге қайта жіберді. Экспедициялық жасақ балықтың суреттерін, бейнематериалдарын түсіріп, «Аққу» теңіз кемесінің кеме командасымен осындай сирек кездесетін үлгіні ұстап алу, тірідей зерттеп және теңізге шығару туралы Акт жасады.