Каспий теңізіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күні Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде 9 станция зерттелді:

— токсикологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық сынамалар алынды;

— балықтардың және басқа да су ағзаларының үлгілері алынды;

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2023-2025 жылғаға арналған BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» атты ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. (балық ресурстары бөлігі бойынша).

2 тамызда экспедициялық топ «Аққу» теңіз кемесімен Кендірлі шығанағы жағындағы станцияларға аттанады.