Маңғыстау облысында кездесу өтті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігінде «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС – нің  Бас директорының орынбасары б.ғ.д. Асылбекова С.Ж. мен Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л. Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Құлжанов Қ.Ж. пен және Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысымен ортақ кездесу өтті.

Кездесу барысында Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығының 2030 жылға дейінгі бағдарламасын дамыту міндеттері, сондай-ақ BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыбы  бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жүргізілетін алдағы мониторингтік зерттеулер талқыланды.

Маңғыстау облысының балық шаруашылығы саласындағы инновациялық жобалардың мәселелері қарастырылды.