Студенттер балық өсіру шаруашылығымен танысты

2024 жылдың 26 мамырында аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Р.Т.Бараков және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттерге «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» базасында таныстыру экскурсиясы өткізілді. Студенттер шаруашылықта инкубациялық науқан кезіндегі негізгі өндірістік процестермен, балық өсіру жабдықтарының және шағын ТЖСҚ-ң жұмыс істеу принципімен, сонымен қатар жылуды жақсы көретін аквакультура объектілерінің – тұқы, ақ амур, дөңмаңдай, шабақтарын, балықтарын және тауарлық балықтарды өсіруге арналған тоғандарды ұйымдастырумен танысты.