Іле өзені және Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде

24 сәуірден бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандары (экспедиция отрядының жетекшісі, ихтиология зертханасының меңгеруішісі м.а. Сансызбаев Е.Т., кіші ғылыми қызметкер м.а. Игілік  Р., зертханашы Абишев Н.Б.) Іле өзені және Қапшағай суқоймасында 021 ББ (БТ 100) «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарында және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарының және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық пен басқа су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

 

Жұмыстың мақсаты – Балқаш-Алакөл бассейніндегі негізгі кәсіптік балық түрлерінің қазіргі кездегі балық популяцияларының жағдайын бағалау, балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру.

 

Қазіргі таңда экспедициялық отряд биологиялық талдау жүргізу үшін (ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, балықтардың жынысын және жынысқа жетілу кезеңін, жасы мен тұқымдылығын анықтау) ихтиологиялық материалдарды жинау үстінде.