04.05.2024 ж., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (Алматы қ.) бас бөлімшесіне жұмыс сапарымен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Асылбеков А. С., ҚР АШМ Балық Шаруашылығы Комитеті акваөсіруді дамыту басқармасының басшысы Ғаббасов М. М., ФАО балық шаруашылығы және акваөсіру жөніндегі аға қызметкері Хайдар Ферсой, балық шаруашылығы және акваөсіру бойынша халықаралық кеңесші Томас Шиптон, Қазақстандағы ФАО жобаларының үйлестірушісі Қарабаева А. Н. және Қазақстандағы ФАО бағдарламалық ассистенті Сахметова А. Ж. Келді.
Сондай-ақ, кеңеске «ҚазҒЗВИ» ЖШС бас директорының орынбасары, в.ғ.д., профессор Абдыбекова А. М. және «ҚҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері Январёва Н.И.қатысты.
Кездесу «экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ішкі балық аулау мен акваөсіруді қайта құру» тақырыбында алдағы жобаны талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «БШ ҒӨО» ЖШС бас директоры, б.ғ. д., профессор Исбеков К. Б. кездесуге қатысушыларды орталықтың тарихымен және қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Талқылау барысында Хайдар Ферсой мен Томас Шиптон сұрақтарға жауап беріп, жоба бойынша ұсыныстарды тыңдады.