«БШҒ ӨО» ЖШС ҚР ЭТРМ БШК бас бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты мен Алматы қаласы мәслихатының депутаты жұмыс сапарымен келді

2024 жылдың 10 қаңтарында «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Михайлович Пономарев пен Алматы қаласы мәслихатының депутаты Зия Балалдинұлы Талғатов жұмыс сапарымен келді. Кездесуге «Qazaq Balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру Қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Әмірбек Жұмағалиұлы Рысбаев қатысты.

Сапар барысында «акваөсіру туралы» заң жобасы, балық шаруашылығын зерттеудің бағыттары мен перспективалары және ғылымды дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.  

Сондай-ақ, зертханаларға барып, депутаттар ұжыммен әңгімелесті, ұсыныстарды тыңдап, ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.