08 қыркүйектен бастап «БШ ҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен (экспедициялық жасақ бастығы Макамбетов С.Ж., ғылыми қызметкер Халелов А.Т.) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (267-101-154) және болжамды тақырып (256-102-159) бойынша бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Іле өзені және Қапшағай суқоймасында келесідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:
— балықтың негізгі биологиялық көрсеткіштері — ихтиологиялық материалды жинау және талдау жүруде;
— суайдындары бойынша кәсіптік ихтиофауна құрамы талдануда;
— балықтардың күзгі өрістеуге шығу зерттелуде;
— бекітілген балық кәсіпшілігі учаскелерінде табиғат пайдаланушылардың кәсіпшілік аулауына талдау жүргізілуде.
— Қапшағай суқоймасы бойынша балықтардың санын есепке алу үшін эхолотты түсірілім жасалуда.
Балық қорларының жағдайы бойынша алынған ғылыми мәліметтер, олардың биологиялық сипаттамалары (өсу қарқындылығы, жыныстық және жастық құрылымы, тұқымдылығы, өнімділігі, шабақтар және т. б.) аулау лимиттерін есептеу және қорларды басқарудың және тұрақты балық шаруашылығын қамтамасыз етудің сақтық тәсілінің стратегиясын әзірлеуге негіз болып табылады, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес және шекаралық белгілерге жақындаған кезде балық қорын сақтау, сондай-ақ суқоймаларының акваториясы бойынша балық аулау күштерін оңтайлы бөлу және олардың балық аулау өнімінің оңтайлы көрсеткіштерін ұсыну.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Советхан Ш.С. қатысуда.