Бүгін 2023 жылғы 26 қыркүйекте Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның кезекті 7-ші отырысының екінші күні өтуде.
Үкіметаралық комиссияның отырысы 27 қыркүйекке дейін жалғасады, онда тараптардың балық ресурстарын аулау квотасын пайдалану туралы, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын молықтыру және қорғау туралы, Теңіз ғылыми зерттеулері негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйі туралы есептері, сондай-ақ 2024 жылға арналған су биологиялық ресурстарын аулаудың бірлескен квоталарын бекіту ұсынылады.
Бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылдады.