«Еңбек ардагері» медалімен марапаттау
«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ұжымы Бадрызлова Нина Сергеевнаны 2013 жылғы қарашада жұмысшы мамандықтарын құрметтеу дәстүрлерін жандандыру және жас кезінен бастап еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында Республика Президентінің Жарлығымен белгіленген Еңбек күніне орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталуымен құттықтайды.

Құрметті Нина Сергеевна, сіздің жоғары жеке қасиеттеріңізді растайтын лайықты мараптталауыңызбен сізді құтықтаймыз. Сізге одан әрі табысты өмір жолын, армандарыңыздың орындалуын, мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз.

Анықтама: Бадрызлова Н.С. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Биология» мамандығына бітірген. Балық шауруашылығының ғылым саласында 1980 жылдан бері жұмыс істейді. «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-дегі көп жылдық ғылыми және өндірістік қызметі оған аквамәдениет саласында жоғары білікті маман болуға мүмкіндік берді.

Бадрызлова Н. С. ғылыми жұмыстардың үлкен көлемін орындайды, аквамәдениет бойынша ҒЗЖ бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады; ғылыми-әдістемелік құжаттаманы, жобалардың техникалық ерекшелігін, балық өсіру-биологиялық негіздемелерді, аквамәдениет саласындағы ұсынымдарды әзірлейді.

Аквамәдениет зертханасының аға ғылыми қызметкері Бадрызлова Нина Сергеевна жас ғалымдармен жинақталған білімі мен тәжірибесімен бөліседі, балық өсіру шаруашылықтарының қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, фермерлерге Қазақстанда аквамәдениетті дамыту мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, патенттерге 25 авторлық куәлігі бар және 46 ұсынымның  авторы.