3 тамыз 2023 ж. пілмай балығы Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауында ауланды

3 тамыз 2023 ж. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ихтиология зертханасының қызметкерлерімен (экспедиция отрядының басшысы Макамбетов С.Ж., аға ғылыми қызметкер Аблайсанова Г.М., кіші ғылыми қызметкер Баққожа Ж.М.) «Сирек кездесетін түрлердің жасанды өсімін молайту және бөгде балық түрлері мен басқа да гидробионттардың таралуын болдырмау бойынша ұсыныстарды жасау мақсатында сирек және жойылып кету қаупі бар балық түрлері популяцияларын және бөгде гидробионттарды зерттеу» бағдарламалық нысаналы қаржыландыру жобасы бойынша ҒЗЖ іске асыру барысында Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы 23 кәсіптік балық аулайтын ауданнан салмағы 7,0 кг болатын 1 дана пілмай балығы ғылыми-зерттеулік аулау кезінде ауланды.

 

         Пілмайды ғылыми-зерттеулік аулау ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 04.04.2023 ж. берген Рұқсатына сәйкес (№KZ24VEP00146656) жүргізіліп жатыр

 

Анықтама: Пілмай  (Acipenser nudiventris Lovetsky, 1828) бекіре тұқымдасына жатады, балықтың сирек кездесетін және құнды түрі болып есептеледі. Түрдің екі популяциясы (Арал және Балқаш популяциялары) құрып кету қаупі төнген популяциялар ретінде ҚР Қызыл кітабына I санат бойынша енгізілген. Сондай-ақ, халықаралық жабайы табиғатты қорғау одағының (IUCN 1994 ж.) қызыл тізіміне өте маңызды түрлер ретінде енгізілген (CR): A2cde.