Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында жаз мезгілінде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

Қазіргі таңда «БШ ҒӨО» ЖШС-ң мамандарымен (экспедиция отрядының басшысы Макамбетов С.Ж., аға ғылыми қызметкер Аблайсанова Г.М., ғылыми қызметкердің м.а. Бектуров Д.Е., кіші ғылыми қызметкер Баққожа Ж.) Іле өзені және Қапшағай суқоймасында келесідей жұмыстар атқарылуда:

— 256 ББ (102 бағд. тарм.) бойынша Қапшағай суқоймасында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары: 

— Қапшағай суқоймасының жағалау  аймағында, таяз суларда шабақтық сүзгі аумен балық шабақтарының ұдайы өсуінің сынамасын алу;

— вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар және жайылым кезінде балықтардың қорегі бойынша сынамаларды алу; 

— гидрохимиялық сынамаларды алу және талдау;

— кәсіптік ихтиофаунаның биологиялық талдауын жүргізу үшін кәсіптік балық аулайтын аудандар (биотоптар) бойынша ау құру. 

Сонымен қатар, БҚ жобасы бойынша Іле өзенінің жоғарғы ағысында пілмайдың уылдырық шашатын орындарын инвентаризациялау бойынша ҒЗЖ, дәстүрлі (капронды) аулар мен моножіптен және моноталшықтан жасалған аулардың аулау мүмкіндігі мен селективтілігін анықтау мақсатында бақылаулық аулау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Самсыбаев Е. атқарылып жатқан жұмыстарға және тиісті актілердің рәсімделуіне қатысуда.