«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесі Балқаш филиалын атаулы мерейтойлық күн — құрылғанына 90 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Балқаш филиалының ұжымына өркендеп, жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізуді және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы ғылымын дамыту игілігі үшін ғылыми жетістіктер мен жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілейміз!
Анықтама: 1933 ж. Балқаш қаласында Бүкілодақтық балық шаруашылығы және океанография ғылыми-зерттеу институтының (ББШОҒЗИ) ғылыми балық шаруашылығы станциясының филиалы ашылды. 1934 ж. ББШОҒЗИ дербес ғылыми-зерттеу станциясы болды. 1938 ж. бұл станция ББШОҒЗИ жүйесінен Бүкілодақтық көл және өзен балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (БКӨБШҒЗИ) берілді және оның филиалына айналды.
1957 ж. Балқаш бөлімшесі БКӨБШҒЗИ ведомствосынан ҚазКСР ҒА Зоология институтына берілді (БКӨБШҒЗИ 29.08.1957 ж. №92 бұйрығы, ҚазКСР Кеңесінің 22.10.1957 ж. №749 Өкімі, ҚазКСР ҒА 10.11.1957 ж. № 474 және 481 Бұйрығы, Зоология институтының № 149 Бұйрығы 14.11.1957 ж.).
1963 ж. КСРО Министрлер Кеңесінің 02.07.1962 ж. №523 Қаулысына сәйкес және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 29.04.1963 ж. №619 Қаулысы негізінде ҚазКСР ғылыми академияның Ихтиология және балық шаруашылығы институты КСРО Министрлер Кеңесінің Балық шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитеттің қарамағына берілді (тапсыру актісі 15.12.1962 ж.) және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Қазақ ғылыми-балық шаруашылығын зерттеу институты (ҚазБШҒӨО) болып өзгертілді. Сол жылы балық шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитеттің 02.04.1963 ж. №150 бұйрығымен Институт Гурьев қаласынан Балқаш қаласына көшірілді. Кейінірек, КСРО Министрлер Кеңесінің Балық шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитеттің КСРО балық шаруашылығы Министрлігіне айналуына байланысты институт осы Министрлікке қарады.
1976 ж. КСРО балық шаруашылығы Министрлігінің 17.02.1976 ж. №98 бұйрығы негізінде ҚазБШҒӨО ҚазКСР балық шаруашылығы Министрлігінің қарамағына берілді. Бұл мәртебеде Институт 1987 ж. бас бөлімшесін ауыстырғанға дейін болды. 1987 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Балқаш қаласында орналасқан институттың Балқаш филиалы ретінде жұмыс істейді.
БШҒӨО