Балқаш филиалында 03.07.2023 ж. — 06.07.2023 ж. уақыт аралығында сынақ орталығын аккредиттеу бойынша семинар өткізіледі. БШҒӨО ЖШС Сынақ орталығының басшысы А.А. Айтқалиева «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарымен таныстырды. Семинар аясында зертхананың жабдықталуы, менеджмент жүйесі құжаттарының сәйкестігі, ішкі аудитті дайындау тексерістері жүзеге асырылады. Семинарға Балқаш филиалының қызметкерлері, гидроаналитика зертханасының меңгерушісі Долгополова С.Ю. және Атырау филиалының ғылыми қызметкері Саматова А. С. қатысты.