Әмірғалиев Нариман Әмірғалиұлымен кездесу

«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесінде г.ғ. д., профессор, академик Әмірғалиев Нариман Әмірғалиұлының «балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС бас директоры,б. ғ. д., ҚР АСХН академигі Қуаныш Байболатұлы Исбековпен және сынақ орталығының, гидроаналитика зертханасының қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қуаныш Байболатұлы Нариман Әмірғалиұлын «Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі» жоғары атағын беруімен құттықтап, «Профессор Н. Әмірғалиев» ғылыми-зерттеу кемесін (Балқаш филиалы) «Академик Н. Әмірғалиев»деп қайта атау туралы куәлік табыс етті.

Өз кезегінде Нариман Әмірғалиұлы орталықтың кітапханасына балық шаруашылығы ғылымын дамыту, экологиялық-токсикологиялық бағыттар, гидрохимия және су-экологиялық проблемалар бойынша авторлық әдебиеттерді сыйға тартты. Гидроналитика зертханалары оларға зертханалық тапсырмалар мен талдаулардың кең ауқымын орындау үшін құнды жабдықтар берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан су айдындарындағы судың сапалық құрамын зерделеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәселе талқыланды.

Анықтама үшін: Әмірғалиев Нариман Әмірғалиұлы «балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-де (бұрынғы ҚазОРҒЗИ) үздіксіз 53 жыл жұмыс істеді (1959 жылғы 11 шілдеден 2012 жылғы 31 наурызға дейін). Көптеген жылдар бойы гидрохимия зертханасының меңгерушісі болды. 2009-2011 жылдары ҚР балық шаруашылығында экология және су ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі ірі жобаның ғылыми жетекшісі және орындаушысы болды.