БШ ҒӨО Балқаш филиалының базасында «Бағалы,эндемикалық балық түрлерін және омыртқасыз гидробионттарды — аквакультураның потенциалды объектілерін генетикалық паспорттау» жобасы шеңберінде жобаның міндеттерін орындау бойынша жұмыс жүргізілуде: генетикалық паспорттау және генетикалық өзгергіштікті талдау үшін Арал бекіресінің сынамаларын алу.
Арал бекіресінің ремонтты үйірі табиғи ортадан (Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы) ауланған дарақтарынан құралған. Арал бекіресінің генетикалық құрылымын білу адаптивті потенциалы жоғары ремонт үйірінің сауатты қалыптасуы үшін қажет.
Орындаушылар: Шалгимбаева Г.М.-БШ ҒӨО гидробионттар генетикасы зертханасының АҒҚ; Махметов И.С.- Балқаш филиалының ҒҚ , Шарипова О.А. — Балқаш филиалының зертхана меңгерушісі, Волков А.А. — ВНИИПРХ (Мәскеу) маман-генетигі.