«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Ихтиология зертханасының экспедициялық жасағы құрамында: экспедициялық жасақтың басшысы С. Қарлыбайұлы, зертхананың кіші ғылыми қызметкері С. Өтеген, аға лаборант Р. Игілік, Төменгі Көлсай көлінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жұмыс нәтижесінде экспедициялық жасақ талдау үшін Ихтиологиялық материалдардан сынама алды. 20 сәуірден бастап 9 ау құрылды (аулардың ихтиологиялық реті). Нәтижесінде бахтах балығының 129 данасы биоанализге алынды және талдау жасалынды. Тұқымдылықты анықтау үшін 50 дана материал таңдалып алынды.
Зерттеу жұмысында «Көлсай көлдері» МҰТП өкілі А. Болатұлы қатысып жатыр.
Бұл зерттеу жұмыстары 256 Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқаруды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз етуді, 102 жануарлар дүниесі ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарлама асты шеңберінде жүргізіледі.