«Зоология институты» РМК 90 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы зоологиялық зерттеулер: қорытындылар, проблемалар мен перспективалар» Халықаралық ғылыми конференциясы өтуде

Алматы қаласында Зоология институтының тапсырмасында ҚР ҚМ ҒК «Зоология институты» РМК 90 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы зоологиялық зерттеулер: қорытындылар, проблемалар мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми конференцияның 2-ші күні өтуде.

Конференция жұмысына «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ас директоры К.Б. Исбеков қатысты, өз кезегінде Қуаныш Байболатұлы Зоология институтының ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, бақ-береке, жаңа ауқымды жобалар мен жетістіктер, табыс пен өркендеу тілеп, мекемелер арасындағы достық және жемісті қарым-қатынастарды атап өтті.

Сондай-ақ, конференция жұмысына аквамәдениет зертханасының кіші ғылыми қызметкері Бараков Ринат Таирович қатысты. Баяндаманың тақырыбы:»Қапшағай су қоймасының сазан (Cyprinus Carpio) биологиялық сипаттамасы (2016-2021 жж.)».

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Зоология институтының ұжымын мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және барлығына батыл ынта, жоғары қызмет нәтижелері, шығармашылық идеялар мен тамаша жұмыс, ұжымдағы достық пен өзара түсіністік, жеке игілік пен бақытты өмір тілейді!