Жұмыс орын туралы хабарландыру!
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Алматы қаласы) гидробионттар генетикасы зертханасына ғылыми қызметкерлер қажет.
Біліктілік талаптары:
- Жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында жоғары білім («биология», «генетика», «биотехнология» «балық шаруашылығы» мамандықтары бойынша);
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі құпталады;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
- Компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеру: Windows, Microsoft Office Excel, Internet;
- Іссапарға шығу.
Міндеттері (негізгі):
-
Бекітілген бағдарламаларға, әдістерге, жұмыс жоспарына сәйкес тақырыптар бойынша өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗТКЖ);
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және басқа да жұмыс түрлерін орындау;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу процесіне қатысу және материалдарды жинау мен өңдеуді жүзеге асыру;
- Эксперименттер жүргізуге және далалық іс-сапарға шығуға жабдықтар дайындау;
- Эксперименттерді орындауға қатысу, қажетті дайындық және көмекші операцияларды жүзеге асыру, аспаптардың көрсеткіштерін алу, жұмыс журналдарын жүргізу;
- Әдістемелік материалдарға сәйкес талдау нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ресімдеу;
- Әр түрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындау.
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі — жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.
Біздің ұсынатынымыз:
1)Тұрақты жалақы,
2) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес ресми тіркеу,
3) Біліктілігін арттыру мүмкіндігі,
4) Ақылы демалыс.
️Түйіндемеңізді adyrbekova@fishrpc.kz гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісі м. а. электрондық поштасына жіберіңіз.
Байланыс телефоны: +7 777-379-37-03