Балық өсіру нормативтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 33 бұйрығымен Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, бұйрықпен құбылмалы бахтақ, көксерке, тилапия және кларий жайыны балықтарын өсіру бойынша балық өсіру нормативтері толықтырылды. Бұл нормативтер ұсынымдық сипатқа ие және оны акваөсіру субъектілері балық өсірумен айналысу кезінде басшылыққа ала алады.
Балық өсіру нормативтерінің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/430928?lang=ru