«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көлдер жүйесіндегі (Сасықкөл көлі, Алакөл көлі) «Спорттық-әуесқойлық балық аулаудың рөлін және оның Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарындағы ихтиоценозға әсерін бағалау» ҒТБ-ның міндеті шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Жұмыс барысында әуесқой балықшылардың аулауына жалпы мониторинг жүргізіледі, ауланған балықтардың биологиялық көрсеткіштері алынды, әртүрлі балық аулау құралдары мен жемдердің аулануын анықтау үшін қысқы қармақтармен тәжірибелер жасалады.
Айта кету керек, осы міндет шеңберінде зерттеулер үшінші, соңғы жыл өткізіледі және күнтізбелік жоспарға сәйкес қорытындылар бойынша аулауды статистикалық есепке алуды оңтайлы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.