«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ихтиология лабораториясының ғылыми қызметкерлері Алакөл балық инспекциясы бөлімінің инспекторларымен бірлесе және еріктілерлің қатысуымен Алакөл көлінің бекітілмеген Жайпақ телімінде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қысқы мерзімде оттегінің жетіспеушілігінен қырылуының алдын алу мақсатында, тиісті мелиортивтік жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды жүргізу барысында 140-қа жуық ойықтар бұрғыланып, суды оттегімен байыту және балықтардың қырылуына жол бермеу үшін қамыс баулары орнатылды. Іс-шараға барлығы 16 адам, 1 мотобур және 4 дана автотранспорт жұмылдырылды.