ҚР ЭТРМ Вице-министрі – А. Л. Шалабекова «БШ ҒӨО» ЖШС-нің Балқаш филиалына жұмыс іс-сапарымен келді

Бүгін, «БШ ҒӨО» ЖШС Балқаш филиалына жұмыс сапарымен ҚР экология және табиғи ресурстар Вице-министрі А. Л. Шалабекова, ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Н. Т. Жүнісов, Балқаш — Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы А. С. Сүйібаев және инспекция өкілдері келді.

Сапар барысында ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында алынған жұмыстардың нәтижелерімен танысты: 

— «Инновациялық технологиялар мен балық өсірудің жаңа объектілерін әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанның аквакультурасын кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету»;

— «Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жай-күйін кешенді бағалау және оларды орнықты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсынымдар әзірлеу».

Сапар барысында алынған жұмыстардың нәтижелерімен таныстыру өтті 

Сондай-ақ, Балқаш филиалының балық өсіру учаскесіне барды, онда балқаш маринкасы мен арал бекіресі, нефрит алабұғасының, қызыл қалқанды шаян және Розенберг тұщы су креветкаларының доместикация әдісімен қалыптасқан ремонттық-аналық үйірлері зерттеледі. Балқаш филиалының материалдық-техникалық жабдықтарымен танысты, қызметкерлермен әңгімелесті, ұсыныстарды тыңдап, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 Сондай-ақ, сапар барысында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының мәселелері, өңірдегі балық шаруашылығын зерттеудің бағыттары мен перспективалары, Іле-Балқаш бассейнінің су биологиялық ресурстарының биоәртүрлілігін сақтау мәселелері және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.