«БШҒӨО» ЖШС-інде Кеңейтілген ғылыми кеңесі өтуде

2022 жылдың 22-23 қарашасында «БШҒӨО» ЖШС-інде «Жануарлар дүниесі ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» 102-кіші бағдарламасының 256-бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылға арналған биологиялық негіздемелерді қарау және бекіту жөніндегі Кеңейтілген ғылыми кеңесі өтуде.

Ғылыми кеңес төрағасы: Исбеков Қ.Б., б.ғ.д, қауым.проф. (доцент), «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік-орталығы» ЖШС-нің бас директоры, бағдарлама жетекшісі: Куликов Е.В., б.ғ.к, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің жетекші ғылыми қызметкері. 

Ғылыми кеңестің жұмысына қатысқандар: Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті, облысаралық аумақтық балық инспекцияларының өкілдері, «Qazaq balyk» Республикалық балық  шаруашылығы және акваөсіру бірлестігі ЗТБ, «Казэкопроект» ЖШС, «Балықшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Ғылыми кеңесінің мүшелері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Ғылыми кеңестің күн тәртібінде Ертіс, Нұра-Сарысу, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Есіл, Тобыл-Торғай, Балқаш-Алакөл бассейндерінің биологиялық негіздемесін қарастыру және Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің биологиялық ресурстарының жағдайын бағалау үшін кешенді теңіз зерттеулерін жүргізу. 2023-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы бассейндеріндегі балық аулаудың шекті рұқсат етілген көлемі бойынша қаралған ғылыми-зерттеу жұмыстары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының шеңберінде жүзеге асырылды. Аталған Заң жануарлар дүниесін және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау, жануарлар дүниесі объектілерін ұтымды пайдалану шарттарын және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің 18.10.2022 жылғы №662 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жануарлар дүниесін пайдаланудың биологиялық негіздемесін жасаудың бекітілген қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған.