«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Батыс Қазақстан бөлімшесі 2006 жылы облыстың балық шаруашылығы маңызы бар су қоймаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырылған.
Батыс Қазақстан бөлімшесі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларының жағдайына үнемі мониторинг жүргізеді, балық қорын ұтымды пайдалану және молайту бойынша биологиялық негіздеме ұсынады, балық аулау ережелері бойынша ұсыныстар және балық аулау режиміне жылдық болжамдар береді. Әр жыл сайын филиалдың ғылыми-негіздемелік мәліметтеріне сәйкес, Үкіметтің Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларынан балық аулау лимиті туралы қаулысы шығарылады. Гидробиология, гидрохимия, гидробиология және ихтиология бойынша көпжылдық деректер банкі жиналған.