Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 млн теңге бөлінген
Қызылорда облысындағы Арал теңізін екіге бөліп тұрған «Көкарал» бөгетінің сызат түскен аумағы қайта нығайтылып жатыр. Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 миллион теңге бөлінген.
Жалпы ғасыр құрылысы атанған бөгеттің 200 метрден астам жерін су шайып, Кіші Аралдан айрылып қалу қаупі төнген еді. Нығайту жұмыстары дер кезінде қолға алынды деп отыр мамандар. Теңізді өлкеде өткен балықшылар слетінде сондай-ақ, Арал мәселесі мен балық шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жобалар талқыланды.
Себебі, бүгінде ауданда 700-ден аса адам теңізден нәпақасын тауып отыр. 10 балық зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда ғалымдар Кіші Аралда жойылып кеткен су маржандарын қайта көбейту бағытында еңбек етуде.
“БШҒӨО” ЖШС Арал филиалының ғылыми қызметкері Қалымбетова Майра Телағысқызының “арал қаязын” Кіші Арал теңізіне жерсіндіру жұмыстары туралы берген сұхбаты.
(с) Қазақстан Ұлттық арнасы