Екінші күні «БIШҒӨО» ЖШС Ғылыми Кеңесінің отырысы жалғасуда

2022 ж. 13 Қазан, екінші күні «БIШҒӨО» ЖШС Ғылыми Кеңесінің отырысы жалғасуда.

Күн тәртібінде, Ғылыми-Техникалық Бағдарлама шеңберінде 2022 жылға арналған ҒЗЖ бойынша жылдық (аралық) есептерді қарау және бекіту:

ҒТБ «Қазақстанның негізгі балық аулау су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу». ҒТБ меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, асс.проф. (доцент) Исбеков Қ.Б.

 Бұл зерттеулер Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің (ҚР ЭГТРМ) бұйрығымен жүзеге асырылады.

Жобаның келесі міндеттері қарастырылды: су биологиялық ресурстары мен экожүйелік қызметтерді бағалау, балық пен гидробионттарды жерсіндіру және қайтара жерсіндіру арқылы балық шаруашылығы су қоймаларының балық өнімділігін арттыру; псирек және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің және бөтен гидробионттердың популяцияларын зерттеу, балық аулау құралдарының оңтайлы жиынтығын жетілдіру мен негіздеуді әзірлеу, рекреациялық балық аулаудың мәнін бағалау,бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық-генетикалық бақылау, артемия цисталарын сертификаттау бойынша ұсыныстар әзірлеу, Каспий итбалығы популяциясының су деңгейінің төмендеуі кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде таралуы және түрлердің мекендеу ортасын сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ағымдағы жылдың аралық қорытындылары ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жоспардың орындалуына, барлық нысаналы индикаторлар артығымен орындалды, бұл жұмыстардың барлығының нәтижелері оң бағаланды.

Талқылауға келесі адамдар қатысты:: 

  • Исмуханов Х.К., биология ғылымдарының кандидаты, «БIШҒӨО» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері;
  • Рысбаев А.Ж., «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы Басқармасының төрағасы;
  • Ресей ғылым академиясының Санкт-Петербургтегі зоологиялық институты тұщы суды зерттеу зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Аладин Н.В.