«Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС ихтиология зертханасының экспедициялық тобы, құрамында: экспедиция тобының басшысы Қарлыбайұлы С., кіші ғылыми қызметкер Пангереев Б., аға лаборант Игілік Р., Алакөл жүйесінің көлдерінде (Сасықкөл, Қошқаркөл және Алакөл) зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс 256 «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету, басқару» бюджеттік бағдарламасы аясында 102 «Жануарлар дүниесі ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Жасақ балықтардың күзгі қоныс аударуын, ғылыми аулау құралдарымен кәсіптік балық түрлерін аулауды зерттеп, бекітілген балық аулау учаскелерінде табиғат пайдаланушылардың аулау есебін жүргізеді. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.