Бүгін, «БШГӨО» ЖШС−не жұмыс сапарымен Гент университетінің (Ghent, Belgium) профессоры Патрик Зоргелус (Patrick Sorgeloos) және GIZ өңірлік бағдарламасының сарапшысы Қайрат Егежанов келіп жетті.
Кездесу «Экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» GIZ өңірлік жобасы аясында өтті. Аталған жоба Арал теңізі өңірінде артемияны өсірудің әлеуетін зерттеу мақсатымен орындалуда. Кездесу барысында қонақтар «БШГӨО» ЖШС− нің жұмысымен, атап айтқанда, «Экспортқа бағытталған — Artemia franciscana биоресурсын ҚР тұзды суқоймаларының өнімділігін арттыру үшін, оларды жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме әзірлеу мақсатында зерттеу», грант жобасының нәтижелерімен танысты.
Артемияны зерттеу нәтижелерімен, гидробиология саласы бойынша, қонақтарды гидробиология және гидроаналитика зертхана меңгерушісі, PhD, Мажибаева Ж.Ө. таныстырып өтті. Артемияның генетикалық зерттеулеріне гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісі, Адырбекова К.Б. шолу жасады.
Өз кезегінде, профессор Патрик Зоргелус тәжірибесімен, артемияны зерттеудегі білімімен, жетістіктері мен алдағы мақсаттарымен бөлісті.Сондай-ақ, қонақтар жоба бойынша тәжірибелер тікелей жүргізілетін зертханада болып, ұжыммен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Анықтама үшін: «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша Немыс Федералдық министрлігінің (BMZ) тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) GmbH компаниясымен жүзеге асырылады. Жоба Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтеріне Арал өңірінің экологиялық тұрақты трансшекаралық экономикалық дамуын қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді.