12 тамыз — Халықаралық Каспий күні❗️ Мереке 2006 жылғы 12 тамыздан бастап, Тегеранда қол қойылған Каспий теңізі мен қоршаған ортаны ластанудан қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция күшіне енген кезден бастау алады. Осы Конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасы теңіздің биологиялық ресурстарын сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауда. Мереке Каспий теңізі арқылы шектесетін : Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан мемлекеттерінде атап өтіледі. «БШҒӨО» ЖШС ғалымдарды, экологтарды, Каспий теңізін зерттеумен және қорғаумен айналысатын барлық адамдарды мерекемен құттықтайды!