С.Сейфуллин атындағы ҰАҚ «ҚАТУ» балық өсіру учаскесінде ғылыми-зерттеу жұмыстардың орындалуына тексеру жүргізілді

2022 жылдың 6 мен 8 Тамызы аралығында, ПЦФ «Айналмалы сумен жабдықтау құрылғысында (УЗВ) австралиялық қызыл шымшуырлы шаяндарды өсірудің өнеркәсіптік технологияларын әзірлеу және енгізу» жобасының бөлімі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың орындалуына тексеру жүргізілді. Жұмыс С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ҰАҚ балық өсіру учаскесінде жүргізілуде. Учаскеде отандық өндірілген мамандандырылған жемшөпті (ҚазНИИ Өңдеу және тамақ өнеркәсібі ЖШС) пайдалану тиімділігін және оның австралиялық қызыл шымшуырлы шаяндардың балықшы-биологиялық көрсеткіштеріне әсерін анықтау бойынша тәжірибе жүргізілуде. Жоба бөлімі бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер 2022 жылға арналған күнтізбелік жоспарда жоспарланғанға сәйкес келеді.

Мониторингтік және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға қатысқандар: «БШГӨО» ЖШС бас директорының орынбасары Асылбекова С.Ж., «БШГӨО» ЖШС Солтүстік филиалының директоры Шуткараев А.В., «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ ҰАҚ» аңшылық және балық шаруашылығы кафедрасының аға оқытушы Қуанчалеев Ж.Б., «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ ҰАҚ» аңшылық және балық шаруашылығы кафедрасының кафедра ассистенті Мусин С.Е..